Жүлдемен оралды
Дата: 06.09.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
208
0
Әулиекөлдік “Непоседы” би тобының қ атысушылары “ BAL A STAR” Caspian Summer Fest-2022 республикалық байқау-фестивалінен жүлдемен оралды. Байқауда барлығы 58 нөмір ұсынылып, олардың ішінде жерлестеріміз үздік атанды. – Бұл менің қыздарымның алғашқы жетістігі емес, талай байқауларда жүлделі орындарды бағындырып жүрміз. Бұл жолғы байқауда да бәсекелестер көп болды, бірақ біз өзімізге сенімді болдық. Әділ қазылар біздің бишілеріміздің өнеріне тәнті болып, жоғары баға берді. Енді келер жылы Грузияда өтетін би аренасын да бағындырамыз деген үміттеміз, – дейді би ұжымының көркемдік жетекшісі Ольга Шурыгина. Айта кетейік, би ұжымы үшін бұл биылдағы екінші ірі жеңіс. Маусым айының басында ұ жым Каспий теңізінің жағалауында өткен “Билер аренасы” халықаралық фестивалінде де бас жүлдені жеңіп алған еді. Ол кезде де біріншілік үшін Қазақстан мен таяу шетелдің 48 мықты деген би ұжымдары бас сынасқан болатын.
Әулиекөл ауданы.
Әулиекөл ауданы.
Комментарии