Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жас боксшы

Дата: 06.09.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
198
0
Жас боксшы
Аманкелді ауданын - да жаста болса талапты, спортты жанына серік еткен Ернұр Дәулетұлы есімді бала тұрады. Болашағынан үлкен үміт күттіретін жас спортшы биыл Б.Қолдасбаев а т ы н д а ғ ы ж а л п ы б і л і м беретін мектептің 8-сыныбына көшкелі отыр. Сабақ үлгерімі де жақсы, мектептің ғана емес, ауданымыздың да мақтанышы. К і ш к е н т а й ы н а н бағындырған жетістіктері д е ж е т і п а р т ы л а д ы . Мәселен, ол 2018 жылы Жанкелдин ауданында өткен спорт ардагері Мешітбай Мырзағалиевты еске алуға арналған облыстық тур - нирде жеңіске жетіп, “Үздік боксшы” кубогын иеленді. 2019 жылы Науырзым ауданында ұйымдастырылған Х-шы дәстүрлі облыстық ашық турнирде де “Үздік боксшы” кубогына ие болып, сол жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен “Алаштың жас көкжалдары” атты республикалық ашық турнирде де чемпион атанды. Қостанай қаласында өткізілген облыстық ашық турнирдің жеңімпазы және “Үздік боксшы” кубогының иегері. Алматы қаласында өткен ҚР-ның чемпионатында да “Тай бокстан” күміс медальды қанжығасына байлады. Биылғы жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы жастар жылына орай “Бизнес және технология” университеті ұйымдастырған республикалық турнирден де жүлдемен оралды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Жанкелдин ауданында Мырзағали Мешітбайұлын еске алуға арналған облыстық ашық турнирде жеңіске жетіп, “Әдісқой боксшы” белдігін иеленді. Осы жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен “Talapker boxing” республикалық ашық турнирінде де биіктерді бағындырып, алтын медаль иеленіп келді. “Бокстан ІІ-разрядты спортшы” деген атағы да бар. Иә, бұның бәрі күні кеше ғана 7 сыныпты аяқтаған Ернұрдың еңбегі мен маңдай терінің нәтижесі. Біз де аудан атын шығарып, үлкен жетістіктерге жетіп жүрген өренге сәттілік тілейміз. Көк туымызды желбірететін, халықаралық, әлемдік деңгейдегі спортшы болсын дейміз!

Б.МИРАМҰЛЫ Аманкелді ауданы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!