Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Өнерлі Нұржайна

Дата: 09.08.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
208
0
Өнерлі Нұржайна
Қырғызстан елінде ІІІ халықаралық «KGтай – таланттар бастауы» фестивальбайқауы өтті. Байқауға Арқалықтың қызы, жас талант Нұржайна Таубалды еліміздің намысын қорғауға аттанған болатын. Нұржайна халықаралық «Алтын микрофон» байқауының жүлдегері. Облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Бүгінде фестивальдің ашылу салатанаты мен алғашқы туры өтті. Онда Нұржайна Әбілахат Еспаевтің «Отаным – бақыт ордасы» әнін сәтті орындап шықты. Жалпы біздің әнші қызымызға қазылар алқасы оң баға беріп, оның өнеріне тәнті болуда. Сахнаның сәнін келтіріп, көрерменнің жүрегіне жол тауып, кешті жандандырып жіберген Нұржайнаның болашағынан көпшілік үмітті. Осы байқауға жас әнші облыстық мәдениет басқармасының және облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының қолдауымен барды. Арқалық қаласы «Қазақстаннан қырғыз бауырымызға» деп домбыра сыйлық сәлемдемесін жіберіпті. Қазақтың туын, ұлттық дәмінен ауыз тисін деп құрт-ірімшігін қоса салыпты. Нұржайнаның жетекшісі ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Білім беру ісінің үздігі Қарлығаш Жақыпбекова. Ол байқауда Әбілахат Еспаевтің «Отаным – бақыт ордасы» әнімен қоса Шәмші Қалдаяқовтың «Теріскейін» орындамақшы. Әнші немересін 68 жасар Гүлнар апайымыз үнемі жетелеп, демеп жүреді. Немересінің болашағына үміт артып, сенім білдіреді. Қазақ елінің, соның ішінде Тобыл-Торғай жерінің үмітін арқалап, үлкен жолға шыққан әнші қызымызға осы байқауда жүлделі оралды. Жемісті күндеріміз көп болғай.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!