Өнерді үйрен
Дата: 09.08.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
262
0
Жітіқара ауданының балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушілері үшін педагог Ұ.Қайырлап «Мехенди» шеберлік сағатын дайындап, өткізді. Мехенди дегеніміз денеге сурет салу. Татуи ровкадан айырмашылығы, бұл дененің уақытша - безендірілуі, бірақ денеге бояу немесе басқа сурет салу әдістеріне қарағанда әлдеқайда ұзағырақ. Дәстүр бойынша араб елдерінде, Үндістанда, Солтүстік Африкада, Малайзияда және Индо незияда жиі кездеседі. Қазіргі уақытта мехенди - өз стилімен Еуропа елдері мен Америкада сәтті дамуда. Мехендидің Араб стилі-флористикалық үлгіде салынады. Көбінесе бір сюжетке біріктірілген кішкентай гүлдердің әдемі үйлесімділігін құрайды. Бұл да баланы өнерге баулиды. Балалар ерек ше сурет салу стиліне қызығып, өздері де салып - үйрене бастады.
Комментарии