Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Туған жердің тарихы

Дата: 07.06.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
245
0
Туған жердің тарихы
Амангелді ауданының Тасты жалпы білім беретін мектебінің оқушылары «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және Балалар жылына орай Кейкі батырдың ұрпақтарымен кездесу өткізді. 

«Батырдың ерлігі – ұрпаққа ұран» тақырыбында өткен іс-шара Кейкі батырдың өмірден озғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Оқушалармен кездесуге батырдың ұрпақтары Сейтқалы Дүйсентайұлы, Күләш Дүйсентайқызы, Гүлбаршын Дүйсентайқызы және жазушы, «Кейкі батыр» кітабының авторы Шөптібай Байділдаұлы , «Шұғыла» жасөспірімдер балалар орталығының директоры Ербол Әбілқазыұлы, білім бөлімінің әдіскерлер, журналист Нұрмұханов Бейбіт Мейрамұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Дауылбай Есім Ж е т п і с б а й ұ л ы қатынасты. Көкембайұлына құран бағыштау рәсімімен Ш а р а К е й к і басталып, «Еркін дала ержүрегі – Кейкі батыр» тақырыбындағы көрмемен жалғасын тапты. Кездесу барысында мектеп оқушылары Кейкі батырдың өмірі мен ерлігі туралы мәлімет берсе, Шөптібай Байділдаұлы мен Сейтқазы Дүйсентайұлы оқушыларға батырдың ел аузында жүрген ерліктері жайлы баяндап берді. Балалар жылына орай жас ұрпақтың бойына елжандылық, отансүйгіштік қасиеттер қалыптастыра отырып, патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, туған жердің тарихын насихаттау мақсатында өткен кездесу оқушылар үшін тағылымды шара болды. 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!