Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Талантты оқушылар

Дата: 07.06.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
238
0
Талантты оқушылар
Амангелді ауданында Балалар жылына орай балалар қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшылары а р а с ы н д а « I I I м ы ң ж ы л д ы қ көшбасшысы» аудандық конкурсы өтті.

Балалар ұйымдарының жұмыстарын жандандыру, олардың әлеуметтік жобалары мен бастамаларын қолдау м а қ с а т ы н д а ұ й ы м д а с т ы р ы л ғ а н байқауға жалпы білім беретін мектептер бойынша «Жас ұлан» ұйымының Ұланбасылары қатынасты. Олар үш ата лым б ойынша ө з дерінің шығармашылық жұмыстары мен жобаларын қорғап, шеберлік сыныптары бойынша жұмыс жүргізді. А м а н г е л д і а уд а н ы б о й ы н ш а «Жас ұлан» ұйымының қатарына қабылданатын оқушылар саны жыл сайын артып келеді. Олар – жанжақты, білімді де талантты оқушылар. Жасұландықтардың бастамасымен түрлі әлеуметтік жобалар, түрлі бағыттағы акция, челлендждер аясында аудан тұрғындарына, жалғызбасты кісілер мен қарт адамдарға қолдау жасалып келеді. О с ы н д а й б і р е г е й ж о б а л а р ғ а бастамашыл болып келе жатқан Ұланбасылар сайысқа да өздерінің тың идеяларымен, жаңаша жобаларымен қатынаса білді. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында да атқарған еңбектері көп. Байқау қорытындысы бойынша Гран – при – Қабдырашова Марал, Тасты жалпы білім беретін мектебі; І орын – Жолдыбек Карина, Амангелді жалпы білім беретін мектебі; ІІ орын – Қонысбек Ақгүлім, Құмкешу жалпы білім беретін мектебі; ІІ орын – Жұматова Айзере, А. Нұрманов жалпы білім беретін мектебі ІІІ орын – Ыбырайқызы Аяла, Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі; ІІІ орын – Жұмаділова Рәббат, Қарынсалды негізгі орта мектебінің оқушысы иеленді. 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!