Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Танымдық көрме

Дата: 26.04.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
215
0
Танымдық көрме
Қостанайдағы «Плаза» сауда орталығында және «Жастар» сарайында Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлт ұстазы» атты бір күндік көрме ұйымдастырылды. Көрмеге №28 мектепгимназиясының ата-аналары мен ұстаздарының, оқушыларының және қаланың өзге де мектептерінің жұмыстары қойылған. Ахмет атамызға қатысты жәдігерлер, кітаптары көпшілік назарына ұсынылды. Бұл көрмені ұйымдастырудың мақсаты болашақта өскелең ұрпақтың тәлім тәрбиесімен білім негізі нұштастыру, сондай-ақ әр қилы жанрдағы туындылардың қыр-сырын тарих тағлымына терең бойлата отырып, көрерменге жеткізу. Қостанай қаласы №28 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назг үл Байділдаева бұл көрме ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын жан-жақты насихаттауға мүмкіндік беретінін жеткізді. – Бүгінгі көрме арқылы Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын жанжақты насихаттай аламыз. Себебі, музейге қала тұрғындарымен қоса қала қонақтары көп келеді. Ахмет атамыздың еңбектерін келер ұрпақтың бойына сіңіру, – деді Назгүл Чкаловна. Айта кету керек, тағылымды шараны өткізуге қалалық білім басқармасы мен мәдениет басқармасы мұрындық болды.

Айым АБДУҒАЛИЕВА, Қостанай қаласы №28 мектеп-гимназиясының оқушысы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!