Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Көктем ару

Дата: 26.04.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
345
0
Көктем ару
Мектебімізде өзін-өзі басқа ру ұйымының ж ұмысы ж үйелі т үрде жүргізіледі. Соның бір айғағы мектепте өткен «Көктем аруы-2022» байқауы. 5-7 сыныптар арасында өткен бұл байқауға 8 үміткер қатысты. Аруларымыз алғашқы сәттен бастап өздерінің қазақ қызына тән ибалылығымен, инабаттылығымен, мәдениеттілігімен және өнерлерімен ерекше көзге түсті. Байқау шарттары бойынша өздеріне берілген тапсырмалардан сүрінбей өтіп, көпшіліктің көңілінен шықты. Алғашқы кезеңде өздерін өлеңмен, әнмен таныстырудан бастады. Аруларымыз «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбындағы сахналық қойылымға жан-жақты дайындалып келгендіктерін көрсетті. Аруларымыздың ой-өрісі, ақыл-парасаты сынға т үсер 3 -ші кезеңдегі «Іші – алтын, сырты – күміс сөз төресі» сайысы бойынша мақалмәтел айтып жарысудан алдарына жан салмады. Соңғы кезең «Сұлулық сыры» шаш, сән үлгілерін көрсету бойынша аруларымыз көрермендерді сұлулық әлемімен таныстырғандай сезімде қалдырды. Әрбір сұлу өз ерекшелігімен көпшілікті тамсандырды. Сұлулық байқауы қорытындысы бойынша аруларымыз түрлі номинациялар бойынша мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды. Алдағы уақытта осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар жалғасын табатындығына сенімім мол.

Нұрай КҮДЕРБЕКОВА, №10 ЖББМ-нің 8 сынып оқушысы Қостанай қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!