Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Мәдени мұра

Дата: 13.05.2020 Рубрика: Рухани жаңғыру
721
0
Мәдени мұра
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған бастамаларды іске асыру мақсатында «Қазақстанның киелі жерлері» атты жоба қолға алынған еді. «Қазақстанның киелі географиясы» жобасы аясында жоспарланған бес томдық энциклопедияның кезекті 3 томы жарыққа шықты. Облыстық тарихиөлкетану музейінде энциклопедияның тұсаукесері өтті. Туған өлкеміздің тарихы мен мәдени мұрасына арналған кітапты «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Батырхан Жұмабаев арнайы келіп, таныстырды. Бұл құнды еңбекке Қарағанды, Қос танай, Қызылорда, Жамбыл облыстарының киелі жерлері, тарихи оқиғалар өткен қасиетті орындары, табиғи ландшафттың ерекше ескерткіштері және ұлттық кұнды мәдени мұралары енгізілді. Ұсынылып отырған кітап туған өлкеміздің тарихи және мәдени мұрасын көпшілік қауымға таныстыруға арналған. Кітаптың тұсаукесеріне өңіріміздің өлкетанушылары, тарихшы-ғалымдар, мәдениет қызметкерлері, өңірлік «Рухани жаңғыру» жоба кеңсесінің өкілдері қатысты. – Әр жылдың басында жыл бойы жұмыс істеп, жинақтап, жарыққа шығарған энциклопедияның тұсауын кесеміз. Қостанай өңіріне арналған үшінші томның сәті бүгін түсіп тұр. Бұл өңірге қатысты керекті ақпараттардың барлығы ғалымдар, арнайы мамандардың арқасында жинақталып, ғылымисараптамалық тексерістен өтіп, баспаға жіберіледі. Желтоқсан айында кітап дайын болған еді. Енді тұсаукесерге арнайы шақыртумен келіп отырмыз. Қостанай облысы бойынша 10 жалпы ұлттық және 28 жергілікті нысан бар. Солардың барлығы да түгелімен кітапқа енді. Онымен қоса тарихи тұлғаларды да, тарихи ескерткіштерді де кітапқа кіргіздік. Басаяғы 60 нысан, оның ішінде 38 қасиетті орындар, қалғаны тұлғалар мен тарихи мәдени ошақтар. Ғылыми-танымдық энциклопедия болғандықтан барынша қысқа әрі нұсқа жазуға тырыстық. Әр өңірге жүз беттен бөлгенбіз. Бір томдық кітаптың өзі төрт жүз беттен астам. Өзі бұл бес томдық болады. Үш том шықты, енді алда қалған екі томды жинақтап, осылай жарыққа шығарамыз. Осылайша Қазақстанның барлық өңірі қамтылады, – дейді ғылыми-зерттеу орталығының директоры Батырхан Жұмабаев.

Бетті әзірлеген Аружан БАҚЫТ
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!