Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Салт-дәстүрім – байлығым

Дата: 19.05.2020 Рубрика: Рухани жаңғыру
632
0
Салт-дәстүрім – байлығым
Бала тәрбиесінде халықтың тұрмыстық салт-дәстүрлердің туу себептерін, даму ерекшеліктерін ашып көрсетудің тәрбиелік мәні зор. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім бе руде өз халқымыздың педагогикалық аса бай мұраларының - алатын орны ерекше. Мектеп табалдырығын аттағаннан ба стап халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық - тәрбие ерекшеліктерін терең білуге, құрметтеуді үйретуге міндеттіміз. Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлерді үйрету, топпен бірлесе қарым-қатынас жасауға дағдыландырады. Ой-өрістерін кеңейтеді. Рухани жаңғыру жолында ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге бағытталған басты тәрбиелік құралымыз да осы болмақ. Арқалық қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияның 1 «Ә» сыныбында аптаның әр сәрсенбісінде тәрбиелік сағат және кішігірім қойылым ретінде балаларға салт-дәстүрлер түсіндіріліп, дәріптеледі. Ата-аналармен бірлескен іс-шаралар шебінде бала өмірге келегеннен бастап, ер жеткенге дейінгі салт-дәстүрлер, жөн-жоралғылар мен рәсімдер бесікке салу, тұсау кесер, тоқымқағар, асық ату тәрізді ұлттық ойындары бар. Сол қатардағы «Бесікке салу» рәсімі де біздің сыныбы мызда сән-салтанатымен өтті. Ұлттық киім киген оқушылар - мен ұттық бұйымдар көздің жауын алды. Кимешекті әжелер баланың бесікте жатқаны тазалыққа жақсы екендігін айтып, қажетті заттарды алып келіп балаларға қойылым барысын да көрсетті. Шүмекті қойдың асықты жілігінен жасайтынын, - ол айрықша аппақ болу үшін сүтке қайнатылатындығы мен түбектің түбіне күл салып қоятын болған, оның бір себебі бесікті тербеткенде нәрестенің зәрі шайқалмау үшін, ал екіншісі оның күлге төгіліп, жылы бу шығарып тұруы үшін екені айтылды. Сол сәтте бесікке салу рәсімін жасауы біздің ұл-қыздар үшін үлгі-өнеге болды. Бесік жырын шырқаған аналарына қосылған балалардың қуанышында шек болма ды. Осылайша ата-ана, оқушы және мұғалім арасындағы үш - жақты байланыстың ынтымақтастығы жарасым тапты. Адам өміріндегі баланың маңызы салмақталды. «Бесікке салу» туралы жас ерекшеліктеріне сай мағлұмат берді. Тәрбие мен білім егіз, себебі отбасындағы тәрбие мектеп қабырғасында сабақтастық тауып, бала санасына білім сіңіреді. Сондықтан ұлт болашағы балғындардың кемел келешегін қалыптастыру бүгінде зор жауапкершілікті, бірлікті талап ететін дүние. Сол жолда, ұстаз ұсынысына қолдау білдірген ата-аналарға да айтар алғыс зор.

Майра Әлмағамбетова А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияның 1 «Ә» сыныбының жетекшісі Арқалық қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!