Болашаққа жол бастап
Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Бұл ұйым қоғамдық ұйым болып табылады. 2011 жылы 6 шілдеде «Елорда күніне» орай «Бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестік құрылды. 26 тамыз күні «Жас ұлан» ұйымының құрылтайы өтті. Ұйымның Кеңес мүшелері, жұмыс жоспары қабылданды, ресми нышандары бекітілді. 2011 жылғы 1-қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына алғашқы 150 білім алушыны салтанатты түрде қабылдады.
Мамы айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 10 жылдығына арналған жалпы, орта және қосымша білім беру білім алушылары арасында «Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан» аудандық бірыңғай іс – қимыл акциясы өтуде. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында жастарды білімді болып, өткенді бағалауға шақырған. Бұл балдырғандар болашаққа осылайша жол бастайды.
Қазіргі таңда Қостанай ауданының білім беру ұйымдарында 3534 жас ұлан, 3114 жас қыран бар. Білім алушыларымыз Тәуелсіз еліміздің білімді, жігерлі, парасатты, отансүйгіш азаматы болып өсе берсін.
Комментарии