Білімге жетелеген
«Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады». Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы 2018 жылғы 21 қарашада жарық көрді. Осы мақалада белгіленген жобалар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы. «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту — еліміздің табысты болуының кепілі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы белгіленген. Мақсаты: даланың ұлы тарихи қайраткерлерінің өмірін, мұрасын зерделеу және дәріптеу. Биыл қазақ даласында білімнің шырағын жағып, ұлт ұстазы атанған Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 180 жыл толады. Оның болашақ үшін атқарған еңбегі көп. Оны әр оқушы, әр бала білуі тиісті. Ағарту саласына қосқан үлесі де айтарлықтай. Ыбырай атамыз әр баланы білім алуға шақырған. Балаларға арнап мектеп ашып, білімге жетелеген.
Бекасыл Әбділда.
Комментарии