Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Мен – бақытты баламын

Дата: 11.05.2021 Рубрика: Рухани жаңғыру
784
0
Мен – бақытты баламын

«Бақыт» деген сөздің мағынасы кең, берер ұғымы үлкен. Өйткені мен де Ыбырай атаның өзі кірпішін қалаған мектепте білім аламын. 1884 жылы Қостанай қаласында ашылған бұл мектеп-интернатта облыстың түкпір-түкпірінен келген қазақ балалары білім алады. Бүгін бұл мектеп – облыс орталығындағы ең әдемі мектептердің бірі. Бүгінде Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатта 500-ге жуық бала білім алады, мектебіміз үлкен, жарық, заманауи ақпараттармен толықтырылған бұл мектепте білім алғысы келетін балалардың саны күннен-күнге артып келеді.

Биылғы жылы Ыбырай атамыздың туғанына 180 жыл толуына орай облысымызда жоспарға сай іс-шаралар аталып өтуде. Соның бірі – облыс басшысы Архимед Мұхамбетовтің бастауымен Ыбырай атамызға арналған ескерткіштің ашылғаны. Әлі есімде, қолында кітабы бар, қасында кішкентай бала отырған суретті бірінші сыныпқа барғанымда кітаптан көрген болатынмын. Міне, енді қаланың дәл ортасында тұрған ескерткіштің қасына гүл шоқтарын қойып, Ыбырай атамыздың өлеңдерін жатқа оқи аламыз. Бүгінде бұл ескерткіш қала көркіне айналды, қалаға келген қонақтар Ыбырай атамыздың рухымен сырласқандай болады, өлеңдерін оқиды, ескерткіш жанында суретке түседі. Мектебімізде дәстүрге айналған жақсы істердің бірі – Ыбырай атамыздың мазарына бару, құран бағыштау. Жыл сайын Ыбырай атамыздың туған күніне орай ұстаздар мен оқушылар атамыздың басына барып, гүл шоқтарын қоямыз, мазардың жан-жағын жинастырып қайтамыз.

Аружан Кеңес,

8-сынып оқушысы.

Қостанай қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!