Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Әлеуметтік жоба

Дата: 11.05.2021 Рубрика: Рухани жаңғыру
485
0
Әлеуметтік жоба

Біздің әрқайсымыз өз ғаламшарымызға және оның экожүйелеріне қарыздар екенімізді еске салуға арналған халықаралық жер күні қарсаңында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Ғаламшарды құтқару үшін экологиялық пакеттер» акциясын өткізді.

Тура бір ай бұрын мұғалімдермен бірлесіп біздің оқушылардың ата-аналары эко-сөмкелерді берілген жобамен тігуді бастады. Ата-аналар мектепке арналған бұл әлеуметтік маңызы бар жобаға үлкен қуанышпен қатысып, жүзден астам сөмке тікті.

-Дүкенге келген клиенттердің көпшілігі тауарларын біз сыйға тартқан сөмкелерге салып қуанды. Саламатты өмір салтын ұстану және қоршаған ортаға қамқорлық ету танымал тенденцияға айналды және біз бұған өте қуаныштымыз, - дейді тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мәслихат Замирбекқызы.

Әр адамның қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі нақты. Иә, сіз пластикті толығымен жоя алмайсыз, бірақ ұзақ уақыт пайдалануға болатын сөмкені қолдануға кірісу – бұл проблеманы шешудің алғашқы және маңызды қадамы.

Айзия Қыдырбекқызы,

С.Мәуленов атындағы гимназияның 5 сынып оқушысы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!