Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Туған жеріме пайдам тисе...

Дата: 11.05.2021 Рубрика: Рухани жаңғыру
432
0
Туған жеріме пайдам тисе...

Мен қызынақ жегенді қатты жақсы көремін. Жақсы көргенім сондай, бұл көкөніс туралы, оның пайдасы жөнінде кітаптардан көп оқып, зерттеп те жүрмін. Дерек көздеріне сүйенсек, қызанақ жемісі біржылдық немесе екіжылдық шөптесін өсімдікке жатады. Түрінің көптігімен, дәмімен қасиеттерімен танымал. Қызанақтың тамыр жүйесі қатты және жақсы дамыған болып келеді. Кейбір түрлерінің тамыры бір метр тереңдікке дейін барады екен. Өсімдікке дұрыс күтім жасалса, тамыр сабағының бойына да өсіп шығады. Ұсақ, сарғыш түсті болып келетін гүлдері бір түпке жиналып өседі. Жемісі өте шырынды, түріне қарай домалақ, сопақ, майда, ірі болады. Қызанақты тамаққа пайдаланады, тұздайды, шырын алады. Қызанақ денсаулыққа да пайдалы. Көкөністің бұл түрі қант диабетіне және семіздікке шалдыққан науқастар үшін құнды тағам. Қызанақтың құрамында калий, натрий, магний, темір, хлор, фосфор, күкірт, иод, с дәрумені мен в тобы дәрумендері болады. Айта берсек, қызанақтың адам денсаулығы үшін пайдасы өте орасан екен. Сондықтан да, мен болашақта ауылымды көркейтіп, жылыжай жасап, қызанақтың әр алуан түрлерін өсіріп, туған еліме зор пайдамды тигізсем деп армандаймын.

Сержан Өмірхан

Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебінің оқушысы

Аманкелді ауданы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!