Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ерекше кітаптар

Дата: 11.05.2021 Рубрика: Рухани жаңғыру
502
0
Ерекше кітаптар

Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер тәрбиенің ішінде бірден-бір руханият ордасы – кітапхананың алар орны ерекше. Осы орайда, оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру, жалпы рухани дамуына жағдай жасау мақсатында сынып жетекшіміз Анар Жұмашқызы бізді қаламыздағы Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөпірімдер кітапханасына апарды. Онда біз түрлі қызықты кітаптар оқып, оның мазмұнын айтып, тілімізді жаттықтырып қана қоймай, мол рухани азық алып, керемет әсермен тарқастық. Мен “Алабұға аулаған күн” деген әңгімені оқыдым, қатты ұнады. Ұнағаны сондай, мазмұнын да қиналмай-ақ айтып бердім. Кітапханаға саяхат барысында бізге әсіресе 3D, 4D кітаптары ерекше әсер қалдырды.

Мұндай кітаптардың ерекшелiгi - телефон арқылы бетке апарған кезде суреттерді өмірдегідей тірі күйінде көре аласың. Сондай-ақ, кiтаптардағы суреттердің қозғалғанын көрiп қана қоймай, дыбысты да естисің. Алған әсеріміз сондай, апайымызға келесі жолы тағы да келуге қолқа салдық. Жалпы, бізді апайымыз кітапханаларға, түрлі үйірмелерге, музейлерге жиі апарып отырады. Бұл бізге де қатты ұнайды. Тек, былтыр ешқайда шыға алмадық. Қуанышты күндерімізге ақырындап оралып жатқанымызға ризамыз. Осындай бақытты күндеріміз көп болғай.

Мақсат Кенжеғарин,

Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінің 4 “ә” сынып оқушысы

Қостанай қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!