Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Сауабы мол мереке

Дата: 11.05.2021 Рубрика: Рухани жаңғыру
501
0
Сауабы мол мереке

Қасиетті мерекелеріміздің бірі ораза Айт мерекесі де басталып қалды. Айт мерекесі – сауабы мол мереке деп әжем үнемі айтып отырады. Үйдің үлкендері отыз күн ораза ұстаған соң үш күн Айт мерекесі басталады. Бұл күндері жақсылық жасауға, қайырымдылық танытуға, туған-туыстың басын қосуға, жоқ-жітікке көмектесуге тиіспіз. Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасында өткенді бағалап, алдағы күнге жаңашылдықпен аяқ басуымыз деген еді. Ата-бабамыздан келе жатқан, жақсылыққа бастайтын, қайырымдылыққа үйрететін осындай салт-дәстүрлерімізді біздер де біліп жүруіміз керек деп ойлаймын.

Біздің отбасымызда барлық мерекелерді атап өту дәстүрге айналған. Әсіресе айт мерекелеріне ерекше дайындық басталады. Әжем үйдегілердің үлкенінен бастап кішісіне дейін жаңа киімдерін киіп, әдемі болып, тазаланулары керек дейді. Ал анам жайнатып дастархан жаяды, барлық тәттілерін келген қонаққа ұсынады. Шынымен де мерекенің нышаны сезіліп, рахат күй кешеміз. Айналаны тазартып, қоқыстың бәрін шығарамыз. Есік-терезелерді сүртіп, үйдің бәрін жуып, тазалық жұмыстарын жүргіземіз.

Айт мерекесінде бәріміз дастархан басында бүкіл отбасымызбен жиналамыз. Әжеміз айттан-айтқа аман-есен жеткенімізге шүкіршілік етіп, бәріміздің амандығымызды тілеп Алладан сұрайды. Бір-бірімізге тілек айтып, ренжіткендеріміз кешірім сұрап, жіберген қателіктерімізді қайталамауға отбасымыздың алдында сөз береміз. Бір-бірімізге сыйлық жасаймыз. Көршілер келіп, шай ішіп, бір-бірін құттықтап жатады. Жалпы, айт тағатсыздана күтетін мерекелерімнің бірі десем де болады. Ал, достар сіздердің отбасыларыңыз діни мереке айт күндерін қалай өткізеді?

Айсана Асқар,

оқушы.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!