Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Достығымыз жарасқан

Дата: 11.05.2021 Рубрика: Рухани жаңғыру
665
0
Достығымыз жарасқан
1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру керек. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйретіп, өзге ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу мақсатында «Балдырған» бөбекжай-балабақшасында «Балапан»  тобында мерекелік ертеңгілік  өтті.

           Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік  1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.
-Бүгінде «Достығымыз жарасқан» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпы халықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. 1-мамыр мерекесіне әсем безендірілген зал, мерекелік шарлар, әр ұлттың киімдерін киді. Балалар әр ұлттың әндеріне мың бұрала билеп көңіл күйлері көтеріңкі болды, - дейді тәрбиеші Рахила Таймасова.  

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!