Жас зерттеушілер
Мектеп білім алушыларының бойында патриоттық сезімін қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында, Ыбрай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Қостанай аудандық «Мектеп музейінің жас экскурсия жетекшісі» атты байқауы өтті.
Байқауға ауданымыздың 12 мектебінен білім алушылар қатысып, өздері білім алып жүрген білім ордасындағы мектеп мұражайларымен таныстырды. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдеге Мичурин жалпы білім беретін мектебінен Кильтаев Руслан, Әлімжан Іңкәр ие болса, I орын мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін мектебінен Кункабаев Айболға, II орын Қадыр Кәрімов атындағы жалпы білім беретін мектебінен Уалиев Жасұланға, III орын Тобыл қаласының мектеп-гимназиясынан Артюхова Татьянаға және Тобыл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінен Кун Доминикаға берілді.
«Қызықты экскурсия» номинациясы бойынша Павлов атындағы жалпы білім беретін мектебінен Борисова Елизавета, Тобыл қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебінен Александрова Алиса, Заречный мектеп-лицейінен Полякова Милана, Бурыкин Артем, Тобыл қаласының Нұржан Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясынан Наженова Сая, «Экскурсияны үздік жүргізгені үшін» номинациясы бойынша Айсары жалпы білім беретін мектебінен Шагатаева Даяна, Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі Айкенова Аружан, Надеждин жалпы білім беретін мектебінен Ердаулетова Диана, Файзутдинова Алиса, Шишкин негізгі орта мектебінен Есмағамбетова Карина, Заречный мектеп-лицейінен Найденова Дарья, Лазарев Данил білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Барлық оқушылар да жеңімпаз деген атқа лайық болды.
Комментарии