Шешендік өнер
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы щеңберінде облыстық Абай және Махамбет оқулары өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты Абай және Махамбет шығармашылығын насихаттау, білім алушылардың мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Екі күн бойы қатысушылар Абай және Махамбет шығармаларын оқып, өздерінің мәнерлеп оқу және шешендік өнерін көрсетті.
Қостанай ауданынан 5 білім беру ұйымынан 10 білім алушы қатысты. Оның ішінен 7 білім алушы жүлдегер атанды. Шагатаева Даяна-I орын, II орын- Мағзұмхан Мәдина Айсары жалпы білім беретін мектебі, Молдасалықова Жанерке, Жданов жалпы білім беретін мектебі, III орын-Махина Ділназ, Бекенова Ақмаржан, Тобыл қаласының Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы, Құрманғазы Шапағат, Айсары жалпы білім беретін мектебі, Доскеева Диана, Қадыр Кәрімов атындағы жалпы білім беретін мектебінен келді. Барлық оқушылар шеберліктерін таныта білді.
Комментарии