Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Әженің мейірімі

Дата: 20.04.2021 Рубрика: Рухани жаңғыру
572
0
Әженің мейірімі

Дәстүр мен мәдениет ұлттың генетикалық коды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді жаңғыртудың негізгі бағдарлары көрсетілген. Ұлттық бірегейлікті сақтауда қанымызға сіңіп, тұрмысымызға айналған салт-дәстүрдің маңызы жоғары. Рухани жаңғырудың негізгі өзегі де осы ұлттық кодтың мәңгілік бойымызда сақталуы.

Бала тәрбиесіндегі қазақтың бір озық үлгісі – әжелер мектебі. Ең басты ерекшелігі әжесі бар адам жан барынша бауырмал болады. Өйткені әжесі баланы көбінесе құшағына алып, қашан көзі ілінгенше айналып-толғанып, бойындағы бар жылуын беріп, бауырына басып жатады. Осындай қамқорлықты көрген соң бала мейірімді болып өседі.

Әже мектебін көргендер – бауырмал мінезді. Қандай қызметте, қандай лауазымды атқарып жүрсе де әже мектебінен шыққандар бойындағы айрықша жылылығынан кімнен тәрбие алғанын білініп тұрады. Қостанай ауданының білім беру ұйымдарында «Әжелер мектебі» жұмыс жасайды. Бұл бастама бала тәрбиесіне керек дүние.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!