Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Өнерлі балғындар

Дата: 20.04.2021 Рубрика: Рухани жаңғыру
370
0
Өнерлі балғындар

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының «Тәуелсіздіктің 30 шыңы» облыстық инновациялық медиа-жобасын қолға алған.

Аталмыш жобаға Аманкелді ауданының білім беру бөлімінің «Шұғыла» балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы да қатысып отыр. Орталық 2016 жылдан бері жұмыс істейді, көркем-эстетикалық, техникалық, спорттық, өлкетану бағытындағы 35 үйірме жұмыс істейді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұмытылып бара жатқан төл құндылықтарды насихаттау және ұлттық ойын түрлерін жаңғырту мақсатында «Асық pati» іс-шарасы өткізілді. «Асық pati» акциясы аясында «Асығың алшысынан түссін!» көрмесі мен «Асық taim» қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Орталықтың білім алушылары мен педагогтары облыстық, республикалық, халықаралық жарыстар мен конкурстарда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болуда. Үйірменің тәрбиеленушісі Ізтілеуов Нұрдәулет «Қазақстан Таланттары» халықаралық байқауының Гран-при жүлдесін жеңіп алған, «Триумф» жеңімпаздарын марапаттау облыстық салтанатының қатысушысы, жетекшісі Тұрысбек Айдар, Қабдрашова Марал «Жас дарын» жас ақындар үйірмесінің мүшесі, облыстық «Мақатаев оқулары», «Абай оқулары» байқауларында І орын, Алматы қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен І республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауында І орын алды. Облыстық «Абай оқуы» байқауының жеңімпазы Қабдыхамитов Ерназ Италия қаласында өткен «Creativita Ferza Ftonfiere» ән байқауында I орын иеленіп, республиканы халықаралық деңгейде абыроймен атап өтті.

Көркемөнерпаздар театрлары арасындағы «Армандастар» балалар шығармашылығының облыстық фестиваль - байқауы оқушыларды өнерге баулуда және таланттарды шыңдауда үлкен маңызға ие болуда. Бұл байқауда «Балақай» қуыршақ театры І орын алды. Жыл бойы қолданбалы өнер шеберлерінің көрмелері, шығармашылық есеп беру концерті, спорт жарыстары өткізілді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Алтын жұлдыз» аудандық салтанатында марапатталды.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!