Үнем - қоғам қуаты



Тиімді тұтыну – қазіргі әлемде қоғам дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. «Прагматизм» ұғымы қазақстандықтарға икемді, қаржылық тұрақты, дені сау, білімді, еңбек нарығында сұранысқа ие болуға, өзінің әлеуетін іске асыруға және құбылмалы әлем жағдайында тез әрекет етуге мүмкіндік беретін бірқатар ұтымды дағдыларды жинақтайды. Ұтымды дағдыларды дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін қазақстандықтардың прагматизм дағдыларын дамыту жөніндегі «Үнем – қоғам қуаты» арнайы жобасының іске асыру өзекті болып табылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша бағыты – «Тұлғалық даму». Жобаның мақсаты – ресурстарды орынды тұтынуды және бөлуді көздейтін прагматикалық өмір салтын қазақстандықтардың құндылықтық бағдарлары жүйесіне енгізу.
Қостанай ауданының білім беру ұйымдары «Үнем - қоғам қуаты» арнайы жобасын іске асыру шеңберінде «Экотолқын-2021» челленджін бастады. Бұл оқушыларға шабыт беріп, жаңа ойларды жүзеге асыруға бастары сөзсіз.
Комментарии