Ұлт өнері – ұрпаққа мұра
Дата: 30.04.2020 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
1080
0
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» деуші еді бұрынғылар. Әсте, бұл сөз көнекөз қариялардың ақылдың кені екенін көрсетсе керек. 80 жастағы Күлпатай Шағырқызы өз әулетінің ақылшы қазынасы ғана болып қоймай, немере-шөберелерін ісмерлікке баулып, бала кезінен кәсіп қылған өнерін әлі күнге жалғап келеді. Әженің бойындағы тігіншіліктің әлқиссасы бала күнінде, 1956 жылы 16 жасына әкесі сыйлаған тігін машинасынан басталған көрінеді. Қызының ерекше іске икемділігін жазбай танып, айналасына пайдасы тиер шебер-тігінші болсын деп ниет еткен. Бүгінде оның инесі тиген әрбір туындысы, асқан шеберлікпен, биік өнермен жасалған асыл дүниелерін көпшіл қауым бір ауыздан мойындап келеді. 1939 жылы Амангелді ауданы, Тасты ауылында дүниеге келген Күлпатай апа жастайынан кілем тоқып, текемет басып, аталмыш өнерге жақын болса керек. Бүгінде әжеміз сексеннің сеңгіріне шықса да, қолынан көк инесін тастаған емес. Қимылы ширақ, жасаған бұйымдары көрнекті. Қазіргі таңда тігіншілік өнерін жанына серік еткен Күлпатай апа Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный ауылының тұрғыны. Шебер ананың ерен еңбегін елеп, әжеміздің баласы мен немерелерінің жасаған жұмыстарын көрсетіп, халқымыздың мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету мақсатында «Ұлт өнері – ұрпаққа мұра» атты іс-шара өткіздік. Ондағы «Өнер таусылмас азық» бөлімінде апаның қолынан шыққан ерекше заттары қойылып, «Бүгінгі кәсібіңертеңгі нәсібің» бөлігінде қызы Гүлайым мен немересі Айнұр тіккен киім үлгілерімен қатар, заманауи стильде жасалған бұйымдардан көрме ұйымдастырдық.
–Күлпатай Шағырқызы 8 қыз, 3 ұл тәрбиелеп өсірген асыл ана. Қызы Гүлайым, немерелері Айнұр, Айжан, Құндызайлар бүгінде ардақты ана кәсібін жалғастырып дөңгелетіп отыр. Үлкенді-кішілі көркем туындыларымен талайды тамсандырып келеді. Гүлайым Арқалық қазақ жас көрермендер театрында актерлардың сахна киімдерін әрлеп, тігіншілік қызмет атқарып келе жатқанына да біршама жыл болған. Ана көрген тон пішер деп, әжесі салған дара жолмен келе жатқан немерелері Айнұр, Айжан, Құндызай да ұлттық өнердің дамуына үлес қосуда. Өткізілген кеште немере-шөберелері де өнер көрсетіп, тағылымды тәрбие көргендерін дәлелдеді. Күлпатай апаның жасаған бұйымдары сан ұрпаққа мұра болып қалатыны ақиқат. Ал біз өз кезегімізде ұлттық өнерді дәріптеуге міндеттіміз, – дейді Восточный орта мектебінің мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ербосын Сүтібаев.

Комментарии