Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Оқушылар өндіріспен танысуда

Дата: 08.07.2025 Рубрика: Год рабочих профессий
91
0
Оқушылар өндіріспен танысуда
Қостанай облысында 19 маусымнан бастап «Жұмысшы мамандықтары» жылы аясында «Менің болашақ мамандығым» атты жаңа жоба іске қосылды.
Жобаның негізгі мақсаты мектеп оқушыларына ерте кәсіби бағдар беру, өндіріс үдерісін көзбен көріп, жұмысшы мамандықтарының маңызын ұғындыру және еңбекке деген құрметті қалыптастыру.
Апта бойы 6-8 сынып оқушылары Қостанай облысының жетекші кәсіпорындары мен колледждеріне танымдық экскурсиялар жасап, шеберлік сабақтарына қатысты. Бұл тәжірибе балалардың мамандыққа қызығушылығын арттырып, білім мен еңбектің байланысын ұғынуға сеп болды.
Оқушылар барған кәсіпорындардың қатарында «Агромашхолдинг KZ» АҚ, Allur зауыты, «МехЛитКом» ЖШС, ERG, «БК-строй» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ сынды ірі өндіріс орындары бар. Сонымен қатар, балалар Қостанай, Рудный, Жітіқара және Лисаков қалаларындағы 11 колледжге барып, нақты мамандықтар бойынша оқыту процесімен танысуда.
Қостанай қаласындағы №17 мектептің оқушылары «Азурит» өндірістік-коммерциялық фирмасының тігін цехында болды. Балалар арнайы киім, мектеп формасы және ортопедиялық жастықтар өндірісінің барлық кезеңін, матаны кесіруден бастап дайын өнімге дейінгі үдерісті көзбен көрді. 
– Тігін цехында түрлі жабдықтар мен құрылғылар көп екеніне таң қалдым. Бұған дейін мұнда тек тігін машиналары болады деп ойлайтынмын, – деді он үш жастағы София Адаева. – Мен тігінші болуды армандаған жоқпын, бірақ мұндағы тіршілік маған ұнады. Болашақта тіс дәрігері болғым келеді.
Экскурсияны кәсіпорын басшысы, «Азурит» ЖШС өнеркәсіптік-сауда фирмасының негізін қалаушы Светлана Шипилкина жүргізді. Ол оқушыларға заманауи өндірістегі еңбек ерекшеліктерін таныстырып, жұмысшы мамандықтарының өзектілігін түсіндірді.
– Қазір еңбек нарығында нақты өндірісте жұмыс істей алатын мамандар аса қажет. Көп жастар кеңсе мамандықтарын таңдайды, алайда жұмыс табу қиынға соғады. Ал нағыз өндірісте еңбек ететін мамандар әрдайым сұранысқа ие және жақсы жалақы алады. Бүгінгі күні цехтар – заманауи, жайлы, әрі қауіпсіз, –деді кәсіпкер.
Экскурсиялар барысында оқушылар тек көрумен шектелмей, өздері киім киіп көріп, колледждерде өткен шеберлік сабақтарға қатысып, кәсіби бейімділіктерін анықтауға бағытталған тапсырмалар орындады.
Іс-шаралар аяқталған соң оқушыларға түрлі мамандықтар туралы ақпараттық материалдар мен естелік сыйлықтар ұсынылады.
Жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етіп, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға, әрі Қостанай облысының кадрлық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!