Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Электр қуаты – ел дамуының қуаты

Дата: 05.08.2025 Рубрика: Год рабочих профессий
132
0
Электр қуаты – ел дамуының қуаты
 
Арқалық қаласындағы №3 мектеп оқушылары энергетик мамандығымен танысты.
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек адамының маңызын ұлықтау мақсатында еліміздің барлық өңірінде түрлі іс-шаралар қолға алынуда. Осы бастамадан Бейімбет Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп те тыс қалмады. Жуырда мектептің жоғары сынып оқушылары “Қостанай оңтүстік электр жүйесі“ мемлекеттік коммуналдық мекемесіне арнайы танымдық экскурсия жасап қайтты.
Экскурсия барысында оқушылар мекеменің жұмысымен және электр қуатын тарату жүйесімен танысты. Тәжірибелі энергетик мамандар оқушыларға өздерінің жұмыс барысы туралы айтып, бұл кәсіптің ел үшін маңыздылығын түсіндірді. Оқушылар электр энергиясының қайдан келетінін, қалай таратылатынын және оны үнемдеудің жолдарын біліп, қызықты мәліметтермен қаруланды.
Іс-шараның басты мақсаты – жас буынды болашақта сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына бағыттау, еңбекке баулу және техникалық білімге қызығушылығын арттыру. Энергетик мамандығы – табандылық пен үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды сала. Осы кәсіптің қыр-сырын көзбен көріп, құлақпен естіген оқушылардың бірі болашақ мамандығын дәл осы саладан таңдауы мүмкін.
Мұндай кездесулер – оқушылардың кәсіби бағдар алуына үлкен сеп. Алдағы уақытта да мектеп оқушылары түрлі өндіріс орындарына, мекемелерге барып, өздеріне пайдалы ақпарат жинауды жоспарлап отыр. Электр қуаты – тіршіліктің күретамыры. Осыны терең ұғынған оқушылар үшін бұл экскурсия мазмұнды да мәнді өтті.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!