Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тілге құрмет – елге құрмет

Дата: 28.04.2023 Рубрика: Проба пера
131
0
Тілге құрмет – елге құрмет
Арқалық қаласында өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілін білу деңгейі бойынша «Тіл шамшырақтары – 2023» байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқау қатысушылары жазылым, тыңдалым және айтылым дағдыларын тексеретін арнайы тапсырмаларды орындап жарысты. Байқау қорытындысы бойынша 5 сыныптар аралығында I орын – Закиров Радмир, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы. Жетекшісі – С.Сұлтыбай; III орын – Пирназарова Сумайя, Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп оқушысы. Жетекшісі – П.Сұлтанова. 6-7 сыныптар аралығында I орын – Сенькина Янна, Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп оқушысы. Жетекшісі – Ж.Шалпенеева; III орын – Ичетовкина Алина, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы. Жетекшісі – Е.Қоңыршина және Андерсон Евгений, Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп оқушысы. Жетекшісі – А.Мұқанова. Жеңімпаздар қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды. Жүлделі I орынға ие болған қатысушылар конкурстың облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алады.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!