Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Күмбірле, күй-домбыра

Дата: 28.04.2023 Рубрика: Проба пера
165
0
Күмбірле, күй-домбыра
«Западный» кітапхана-филиалында «Халық мәдениетінің көркемдігі» жобасы аясында «Күмбірле, күй-домбыра» атты домбырашылар байқауы өтті. Кітапханашы қазақ халқының арғы замандағы ән өнері, күй өнері туралы толық мағлұмат берді. Байқауға №17 мектебінің домбыра үйірмесіне қатысушы оқушылар Серік Ерлан, Ғиса Ерболат, Махмұтов Нұрдәулет. Жетекшісі Шалтықов Алмас және №18 мектеп-гимназиясының оқушылары Тоғызбай Алпамыс және Нұртай Тамерлан қатысты, жетекшісі Азамат Мұқатов. Орындаушылық шеберлігі, орындалатын күйдің көркемдік деңгейі және сахналық мәдениеті мен киім сәні бағаланды. Домбырашылар байқауына қатысушылары «Көреғұлы», «Балбырауын», «Еркесылқым» «Келіншек» күйлерін орындады. Әділқазылар алқасы мүсінші, суретші М.Рахалиев және Қостанай аймақтық университетінің музыка пәнінің оқытушысы Әмірхамзин Наурызбай сайыс соңында сайыскерлердің орындауына байланысты өз бағаларын беріп, «Үздік орындаушы», «Көрермен көзайымы», «Үміт», «Көркем орындаушы» номинацияларымен марапаттап, сыйлықтарды табыстады. 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!