Таза Қазақстан – таза Қостанай
Дата: 28.10.2025 Рубрика: Поколение успешных
0
41
0

Қостанай қаласында «Жасыл ел» еңбек жасағын ұйымдастыру үшін жыл сайын бюджеттен қомақты қаражат бөлінуде.
Үш айлық еңбектің қорытындысы есебінде «Жасыл ел-2025» маусымының жабылу салтанаты өтті. Үздік отрядтар, бригадирлер алғыс хаттар, естелік сыйлықтармен марапатталды. Белсенді қатысушылар да аталып өтілді. «Жасыл ел» жобасына қатысуда үш, тіпті төрт жылдық тәжірибесі бар «жауынгерлерді» ерекше атап өткім келеді. 6-тамызда «IQostanay» оқушылар сарайында «Үздік шебер» облыстық жұмысшы мамандықтар форумы ұйымдастырылды. Конкурс қорытындысы бойынша 8 жеңімпаз анықталды. Олардың әрқайсысы 100 мың теңге көлемінде ақшалай сертификат алған.
«Жасыл ел» жобасының мақсаты жастарды жазғы мезгілде жұмысқа орналастыру ғана емес, өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениет, табиғат және қоршаған ортаны жауапкершілікпен қарауға баулу. 2024 жылға дейін «Жасыл ел» жасағында 350 адам еңбек еткен. Биылғы жылы «Жасыл ел» жобасын іске асыру Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жариялаған «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.
Соңғы жылдары Қостанай қаласында абаттандаруға бағытталған ауқымды жобалар қолға алынды. Соның бірі «Таза Қазақстан – таза Қостанай» бастамасы. Жоба іске қосылған сәттен бері 2 мыңнан астам ерікті тазалық шаруасына жұмылдырылған. Олар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мердігер ұйымдарымен, әртүрлі мекемелердің қызметкерлерімен бірге орталық жағажайды, триатлон-паркті, Тобыл өзенінің жағалауын бұрынғы химзауыт аймағын, Федоров ауданы бағытындағы жолдың жиегін және басқа да аумақтарды тазартты. Еріктілер жыл басында төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары және ҚР ІІМ Академиясының курсанттарымен бірлесе «Қостанай-2» шағын ауданындағы аулалардың қарын аршуға жәрдемдесіпті.
Жобаға қатысуға оқушылар да жоғары белсенділік танытуда. Пластик қақпақтарды жинауға арналған арнайы бокстар орнатылған. Ел бойынша алғаш болып оқу орындарының аумағына осындай 40 бокс қойылды. Оқу жылы басталғанда жүргізілген есеп бойынша жиналған қақпақтардың көлемі 200 келіден асты. Жыл аяғына дейін 1 тоннаға жуықтату жоспарлануда. Жиналған бөтелке қақпақтары қайта өңдеуге жіберіледі. Ал одан түскен қаражат науқас балалардың еміне жұмсалады. Бұл іс-шараның мақсаты – балаларды кішкентай кезінен қоршаған ортаға қамқорлықпе қарауға баулу.
Дәл осы жоба аясында «Алюмин банкалар тапсырып – велосипед ұтып ал» деген байқау ұйымдастырылған. Оған 100-ден астам адам қатысып, 500 келіден артық алюмин жиналған. Сайыс қорытындысында 21-тамыз күні облыстық 12-ші азаматтық форумда 9 белсенді қатысушы марапатталып, велосипед және алғыс хаттар берілген.
Қазан айында қала студенттері арасында қалдықтарды бөлуге арналған үздік экологиялық идеялар байқауының қорытындысын жарияланады. Үздік үш жұмысты әрі қарай қолдау үшін 200 мың теңге ақшалай сыйлық және дипломдар беріледі. Мұның бәрі «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жұмыстардың бір бөлігі ғана.
Суреттерді ұсынған Айсұлу Жаңажігітова

Комментарии