Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Болашағына қол созған – Тәуелсіз Қазақстан!

Дата: 28.10.2025 Рубрика: Поколение успешных
64
0
Болашағына қол созған – Тәуелсіз Қазақстан!
Біздің №15 орта мектебінің 6 «ә» сынып оқушыларына арнап, «Строительный» кітапхана-­филиалының қызметкерлері «Менің Қазақстаным – менің дала өлкем, мен үшін қымбат Отан жоқ…» атты интеллектуалды викторина өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ел тарихына деген қызығушылығын арттыру және Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін дәріптеу.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. Шара жүргізушісі 2022 жылы Президент Қасым-­Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күні мемлекеттік мереке мәртебесіне қайта ие болғанын атап өтті. Бұл күн – еліміздің тарихи өзін-өзі айқындауы мен тәуелсіздікке батыл қадам жасағанының символы.
Кітапханашылар «Менің Отаным – Қазақстан» атты презентация арқылы ұлттық мерекенің маңыздылығын, ел болашағының жарқын келешегін көрсетті. Викторина барысында оқушылар ел тарихы, рәміздері мен тәуелсіздік туралы сұрақтарға жауап беріп, білімдерін ортаға салды.
Шара аясында «Болашағына қол созған – Қазақстан!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғылыми-­танымдық мақалалар жинағы, сондай-ақ тәуелсіздік, туған жер және Отан тақырыбындағы түрлі авторлардың еңбектері қойылды.
Іс-шара оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттырып, елімізге деген мақтаныш сезімін ұялатты. Біз Отанды сүю – әр азаматтың қасиетті борышы екенін түсіндік.
Жансая Жүнісова, №15 жалпы білім  беретін мектептің  6-сынып оқушысы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!