Еңбекпен өрілген өнеге
Дата: 10.11.2026 Рубрика: Почитай-ка
0
2
0

«Станционный» кітапхана-филиалында Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне белгілі қоғам қайраткері, Қостанай облысының Құрметті азаматы Валентин Иванович Двуреченскийдің туғанына 90 жыл толуына орай еске алу кеші ұйымдастырылды.
Тағылымды кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа туған жердің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның өмір жолын таныстырып, оның еңбекке деген жауапкершілігі мен елге қызмет ету өнегесін насихаттау. Іс-шара барысында балаларға «Двуреченский» тақырыбындағы таныстырылым мен бейнеролик көрсетілді. Көрнекі материалдар арқылы қатысушылар қайраткердің өмірбаянымен, атқарған қызметімен және Қостанай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесімен танысты. Оның еңбек жолы арқылы табандылықтың, кәсібиліктің және өз ісіне адалдықтың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
«Кездесу соңында «Адам және оның ісі» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, қатысушыларға тұлғаның өмірі мен қызметіне қатысты әдебиеттер таныстырылды. Мұндай танымдық шаралардың жас ұрпақ тәрбиесінде орны ерекше. Өйткені ел дамуына үлес қосқан еңбек адамдарының өмір жолын білу – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, жауапкершілікке және адал еңбек етуге баулиды. Валентин Двуреченскийдің өнегелі ғұмыры – туған жеріне қызмет етудің, еңбегімен ел құрметіне бөленудің жарқын үлгісі», – дейді «Станционный» кітапхана-филиалының меңгерушісі
Гүлхан Искужина.

Комментарии