Ұлт рухын ұлықтаған ұлы тұлғалар
Дата: 17.11.2026 Рубрика: Почитай-ка
0
7
0

Арқалықта Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығы мен Кейкі Көкембайұлының 155 жылдығына арналған қалалық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.
Арқалық қалалық Мәдениет сарайында қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойы мен елдік пен ерліктің символына айналған Кейкі Көкембайұлының 155 жылдығына орай «Ұлт рухын көтерген ұлы тұлғалар» атты қалалық жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды. Жыр додасына мектеп оқушылары мен колледж және жоғары оқу орындарының 17 жас ақыны қатысып, қос тұлғаның тағылымды ғұмыры мен тарихи мұрасын өлең тілімен өрнектеді.
Екі кезеңнен тұрған мүшәйра барысында жас қаламгерлер Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық жолын, білім мен ғылымға қосқан өлшеусіз үлесін, сондай-ақ Кейкі Көкембайұлының батырлық болмысын, ел тәуелсіздігі жолындағы ерлігін жырға қосты. Қатысушылар өз туындылары арқылы ақындық шеберліктері мен шығармашылық ізденістерін танытып, ұлттық рух пен тарихи жадының маңызын тереңнен толғады.
Мүшәйра қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасы қатысушылардың шығармаларын саралап, үздіктерді анықтады. Сонымен қатар байқауға қатысқан 17 жас ақынның барлығы арнайы дипломдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды. Бұл – жас таланттардың еңбегіне берілген лайықты баға әрі олардың шығармашылық жолына көрсетілген қолдау.
Ұлт рухын асқақтатқан осындай тағылымды шаралар өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, тарихи тұлғаларға деген құрметті арттыра түсетіні сөзсіз.

Комментарии