Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кітап – мәңгілік мұра

Дата: 12.05.2026 Рубрика: Почитай-ка
10
0
Кітап – мәңгілік мұра
Ұлттық кітап күні аясында «Станционный» кітапхана-­филиалында «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ тәрбиеленушілері үшін «Кітап – мәңгілік мұра» атты әдеби-­танымдық сағат ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – оқуды насихаттау, кітаптың құндылығын дәріптеу және өскелең ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру болды.
Іс-шараның басында кітапханашы 23 сәуір – елімізде Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтетінін атап өтіп, бұл мерекенің бастамасы Мемлекет басшысының қолдауымен енгізілгенін жеткізді. Кітап – адамзаттың рухани қазынасы, білім мен тәрбиенің сарқылмас бұлағы екені ерекше айтылды.
Әдеби-танымдық сағат барысында балалар белсенді түрде қатысып, кітап пен оқу туралы мақал-­мәтелдерді еске түсірді. Танымал ертегілердің атауларын тауып, қызықты тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар атауларында сандар кездесетін кітаптарды атап, кітап туралы өлеңдер оқып, түрлі ойындарға қатысты. Бұл балалардың ойлау қабілетін дамытып, кітапқа деген қызығушылығын арттырды.
Шара барысында жылы әрі достық атмосфера қалыптасты. Балалар өз ойларымен бөлісіп, сүйікті ертегілері мен кітаптары туралы әңгімеледі. Кітаптың тек білім көзі ғана емес, рухани тәрбие беретін құндылық екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Іс-шара соңында қатысушыларға «Менің сүйікті кітаптарым» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеде балалар әдебиетінің түрлі жанрдағы кітаптары ұсынылып, оқуға қызығушылықты арттыруға бағытталды.
Мұндай шаралар жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын күшейтіп, олардың рухани дамуына оң әсер етеді. Кітап – мәңгілік мұра, ал оны сүю – болашаққа салынған ең үлкен инвестиция.
Гүлхан Искужина, «Станционный» кітапхана-­филиалының меңгерушісі


 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!