Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Әскери мамандықтар туралы не білеміз?

Дата: 19.05.2026 Рубрика: Почитай-ка
7
0
Әскери мамандықтар туралы не білеміз?
№15 жалпы білім беретін мектеп оқушылары «Станционный» кітапхана-­филиалында өткен ерекше патриоттық іс-шараға қатысты. Отан қорғаушылар күніне арналған «Бақытты елдің ұландарымыз» атты патриотизм сағаты 3-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылып, балаларға көтеріңкі көңіл күй мен пайдалы мағлұмат сыйлады. Олар әскери мамандықтар әлеміне саяхат жасады.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу және Отан қорғаушылардың қоғамдағы маңызды рөлін түсіндіру болды.
Кездесу барысында мерекенің шығу тарихына тоқталып, Отан қорғаушылар күні – ел тыныштығын күзететін азаматтарға көрсетілетін құрметтің белгісі екенін айттым. Балалар әскери мамандықтар туралы тың мәліметтер алып, сарбаздардың күнделікті өмірі мен жауапты міндеттері жөнінде білді.
Бағдарлама қызықты ойындар мен танымдық тапсырмаларға толы болды. Оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, санитарлық сөмкеде қандай қажетті заттар болуы керектігін айтып, өз білімдерін көрсетті. Әсіресе «Әскери форманы кім тез киеді?» атты көңілді байқау балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Олар ептілік пен жылдамдықтарын байқап, белсенділік танытты.
Сонымен қатар, бүлдіршіндер Отан туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, патриоттық әндерді тыңдап, елге деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Балалардың шынайы сезіммен оқыған өлеңдері көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Іс-шара соңында кітапханашы балаларды тақырыптық кітап көрмесімен таныстырды. Көрмеге батырлар туралы кітаптар, балалар әдебиеті және патриоттық бағыттағы шығармалар қойылды. Оқушылар кітаптарды қызығушылықпен тамашалап, өздеріне ұнаған туындылар жайында пікір алмасты.
Патриотизм сағаты жылы әрі достық атмосферада өтті. Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер жас ұрпақтың туған еліне деген мақтаныш сезімін арттырып, елін сүйетін саналы азамат болып өсуіне, болашақты өзіне қажетті мамандықты дұрыс таңдауына ықпал етеді.
Мөлдір Бажирова, «Станционный» кітапхана-­филиалының  кітапханашысы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!