Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Мерейтойлық пойыз – кітап әлеміне саяхат

Дата: 14.04.2026 Рубрика: Почитай-ка
5
0
Мерейтойлық пойыз – кітап әлеміне саяхат
«Строительный» кітапхана-­филиалында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ерекше әрі тартымды «Мерейтойлық пойыз» атты кітап сөресі-­макеті ұсынылды.
Бұл көрме кішкентай оқырмандарды кітап әлеміне қызықты саяхатқа жетелейтін ерекше жобаға айналды.
Паровоздың жарқын әрі әсем безендірілген вагондарында қазақстандық және шетелдік мерейтойлық әдеби шығармалар орналастырылған. Әрбір вагон – өзінше бір кітап әлемі, өзінше бір қызықты оқиға!
Мәселен, орыс жазушысы Денис Фонвизиннің «Недоросль» комедиясына 245 жыл толды. Бұл шығармада автор надандық пен жалқаулықты әжуалап, білімнің маңызын көрсетеді. Қызығы – бұл туынды бүгінгі күні де өзекті.
Ал Александр Пушкиннің «Капитан қызы» («Капитанская дочка») повесіне 190 жыл. Бұл шығармада батылдық, адалдық және махаббат туралы баяндалады. Кейіпкерлердің басынан өткен қиындықтар балаларды ойландырып, жақсы қасиеттерге тәрбиелейді.
Қазақтың ұлы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтің «Ленинградтық өренім» поэмасына 85 жыл толды. Бұл туындыда ақын соғыс кезіндегі халықтың қайсарлығы мен үмітін жырлайды. Шығарма оқырманды ерлік пен отансүйгіштікке баулиды. Ал Гавриил Троепольскийдің «Ақ Бим қара құлақ» («Белый Бим черное ухо») әңгімесіне 55 жыл. Бұл әсерлі шығарма адалдық, достық және мейірімділік туралы сыр шертеді. Бимнің тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайды.
Көрме балаларға тек кітаптарды таныстырып қана қоймай, оларды оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір кітап жаңа ой, жаңа әсер, жаңа арманға бастайтын жол.
Құрметті жас оқырмандар! Сіздерді осы «Мерейтойлық пойызға» отырып, кітап әлеміне саяхат жасауға шақырамыз. Кітапты ашыңыз – сонда сіз өзіңізге қажетті білімді де, шабытты да табасыз!

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!