Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кітаптың сиқырлы әлемі

Дата: 14.04.2026 Рубрика: Почитай-ка
5
0
Кітаптың сиқырлы әлемі
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай мемлекеттік тілдегі кітапханада «Сиқырлы кітап еліне саяхат» атты танымдық-ойын бағдарламасы ұйымдастырылды.
Бұл мерекелік шараның басты мақсаты – жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оларды рухани байлықтың қайнар көзі – кітап әлемімен жақын таныстыру.
Іс-шара барысында балалар кітаптың сиқырлы әлеміне еніп, өздерін ертегі кейіпкерлерімен жүздескендей сезінді. Олар қызықты сұрақтарға жауап беріп, түрлі ойындарға белсене қатысып, викториналар арқылы білімдерін сынады. Сонымен қатар, шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында өз қиялдарын еркін дамытып, ой-өрістерін кеңейтуге мүмкіндік алды. Мұндай жұмыстар балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өз ойын еркін әрі анық жеткізуіне ықпал етті.
Бағдарлама аясында «Кітаппен бірге жаңа әлемге» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, балаларға түрлі жанрдағы әдебиеттер кеңінен таныстырылды. Көрме арқылы бүлдіршіндер тек білім алып қана қоймай, адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіріп, қиялын ұштап, дүниетанымын кеңейтудің маңызын түсінді.
Шараның негізгі идеясы – балаларды кітап оқуға баулу, олардың рухани дамуына жол ашу және әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Сиқырға толы бұл танымдық ойын бүлдіршіндерге ерекше әсер сыйлап, мереке соңында тәттілер таратылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
Балалар үшін бұл күн ұмытылмас естелікке айналып, олардың кітап әлеміне деген қызығушылығын одан әрі арттыра түсті. Осындай мазмұнды іс-шаралар жас ұрпақтың білімге құштарлығын оятып, кітапқа деген сүйіспеншілігін нығайта беретіні сөзсіз.
Айнагүл Шаймерденова, Рудный мемлекеттік тілдегі кітапхананың кітапханашысы
Рудный қаласы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!