Балаларға базарлық
Дата: 03.03.2026 Рубрика: Почитай-ка
0
7
0

«Строительный» кітапхана-филиалында Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, көрнекті ақын әрі ән мәтіндерінің авторы Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Отан туралы махаббатпен» атты әдеби-музыкалық этюд өтті.
Іс-шараға №15 орта мектептің 6 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Кеш барысында «Махаббат лирикасының патшасы» атты презентация көрсетіліп, ақынның өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы мазмұнды әңгіме айтылды. Сонымен қатар, «Тума жырдың Тұманбайы» атты бейнеролик ұсынылып, ақынның поэзиясы мен ән мәтіндері арқылы музыкалық шығармашылығы кеңінен таныстырылды.
Оқушылар «Жігіттер» тобының орындауындағы әндерді қызығушылықпен тыңдап, ерекше әсер алды. Кітапханашы ақынның «Кел, көктем», «Ата арманы» өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.
Шара аясында ұйымдастырылған «Балаларға базарлық» атты кітап көрмесінде «Шақырады көктем», «Жиырма бесінші көктем», «Балаларға базарлық» сынды әдеби шығармалар таныстырылды. Қатысушыларға үлестірме материалдар мен «Жүрегі жырдан жаралған» атты ақпараттық бүктемелер таратылды.
Іс-шара балаларға ерекше тартымды өтіп, олардың поэзияға деген қызығушылығын арттырды.
Айзере Тынымбай, 6 «Ә» сынып оқушысы

Комментарии