Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ақиық ақынды ұлықтап

Дата: 03.03.2026 Рубрика: Почитай-ка
8
0
Ақиық ақынды ұлықтап
«Станционный» кітапхана-­филиалында ақиық ақын, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Ақиық ақын – Мұқағали Мақатаев» атты поэзия кеші өтті. Шараға «Жұлдыз» клубының қатысушылары қатысты.
Кеш барысында кітапханашы ақынның қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған өмір жолы мен шығармашылығы туралы мазмұнды әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, Мұқағали поэзиясының ерекшелігі, оның жүрекке жақын жырлары мен тағылымды туындылары жайында қызықты деректер айтылды.
Іс-шара аясында «Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» атты презентация көрсетілді. Клуб қатысушысы Нұрсұлтан Мерей Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйін орындап, кештің шырайын аша түсті. Урдабаева Нұрсұлу ақынның «Саржайлау» өлеңіне жазылған әнді әсерлі орындады. Сонымен қатар, балалар Мұқағали жырларын мәнерлеп оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Кеш соңында кітапханашы «Әр өлеңі – бір әлем» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды ақын шығармашылығын тереңірек танып-­білуге шақырды.
Мөлдір Бажирова, «Станционный» кітапхана-­филиалының кітапханашысы

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!