Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұлт тұлғасына арналған жаңа мұражай

Дата: 09.12.2025 Рубрика: Почитай-ка
6
0
Ұлт тұлғасына арналған жаңа мұражай
Рудный қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте ұлт ұстазы, Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған жаңа мұражайдың салтанатты ашылуы өтті. Зиялы қауым өкілдері мен қонақтардың басын қосқан рухани шара тарихи тұлғаның өнегелі өмірін дәріптеп, жас ұрпақты елін сүюге, ұлттық болмысты қадірлеуге тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам.
Жаңа мұражайдың ашылу рәсімінде шашу шашылып, оқушылар мен қонақтар тұлғаның өмірі мен шығармашылығына арналған заманауи экспозициялармен танысты. Мұнда Міржақып Дулатұлының ағартушылық қызметі, әдеби мұрасы, Алаш қозғалысындағы рөлі жан-жақты көрсетілген.
Салтанатты түрде лентаны қию мәртебесі филология ғылымдарының кандидаты, доцент, мәдениет саласының үздігі, «Алтын домбыра-2025» иегері Айбек Қалиевке, Рудный қаласы білім бөлімінің басшысы Темірхан Жайлыбаевқа, Рудный қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жаңбыршы Тілеуғабыловқа берілді.
Салтанатты шараға облыстың құрметті азаматтары, айтыс өнерінің майталмандары, мәдениет және руханият саласының қызметкерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, мектеп ұжымының атқарған еңбегіне жоғары баға берді.
Қаладағы қара шаңырақ – Міржақып Дулатұлы атындағы мектеп көп жылдан бері Алаш арысының мұрасын насихаттап, оның өмірі мен еңбегін жас буынға үлгі етуде. Жаңадан ашылған мұражай – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.
Мектеп ұжымы ұлт тұлғасының рухани мұрасын жас ұрпаққа жеткізу ісін жалғастыра беретінін жеткізді. Ал жаңа экспозиция мен көрме – Рудный қаласының мәдени өмірін байытқан ерекше нысанға айналары сөзсіз.
Рудный қаласы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!