Балалардың жаңашылдығы қуантады
Дата: 09.12.2025 Рубрика: Почитай-ка
0
6
0
Науырзым ауданы білім саласындағы жаңашылдықтарымен де назарға ілінуде. Өткен жылы «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының қолдауымен Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 256 млн теңге бөлінді.
Бұл қаржы мектептің жан-жақты дамуына жол ашып, мыңдаған баланың сапалы білім алу мүмкіндігін арттыруға сеп болды. Бөлінген қаражат есебіненфизика, математика, химия, биология, география кабинеттері толық жаңартылған. Технология және ІТ-кабинеттер заманауи құрылғылармен жабдықталып, робототехника кабинеті, арт-студия, телестудия, STEM-орталық іске қосылған.
Осындай инфрақұрылым балалардың ғылымға, техникалық шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың заманауи бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына үлкен мүмкіндік береді. Қызығушылығын арттырып, білім жарыстарында өздерін көрсетуге жол ашады.
Балалар осы құрылғылардың көмегімен жасаған М.Дулатұлының портреті салынған кәдесыйларды келген қонақтарға тарту етеді. Ал 7-сынып оқушысы Асқар Бейбарыс робототехника сыныбына барғанның арқасында «Қаражорға» әніне билейтін робот ойлап тапқан. Ол әуен ойнасымен билей ала жөнеледі.
«Былтыр мектебіміз жаңа құрал-жабдықтармен толықты. Робототехника және STEM-орталығы жұмыс істей бастады. Оқушыларға осы үйірмеге қатысу өздеріне ұнайды. Түрлі дүниелер ойлап тауып жатыр. Балаға берілген зор мүмкіндік», – дейді информатика пәнінің мұғалімі Рысбике Жеңісқызы.
Мектепте 400-ден астам оқушы білім алуда. Жаңартылған материалдық база оқушыларға жайлы, қауіпсіз және шабыттандыратын орта қалыптастырып отыр.
Науырзым ауданы

Комментарии