«Кітап оқитын ұлт» – оқуға құштар ұрпақтың жобасы
Дата: 28.10.2025 Рубрика: Почитай-ка
0
61
0

Бүгін бізбен сұхбаттасып отырған Заңғар Санай есімі Қостанай облысында жақсы танымал. Ол журналист, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өңірлік төрағасы, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі және жақында іске қосылған «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірлік фронт-кеңсе жетекшісі. Бүгін біз біздің оқырмандарымыз үшін кітап оқу мәдениеті, оның берері туралы сұхбаттасқан едік.
– Заңғар аға, алдымен осы жобаның мақсаты мен мәнін түсіндіріп өтсеңіз.
– Жоба Мемлекет басшысының Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда айтқан тұжырымдамасы негізінде жүзеге асырылмақшы. Жоба аясында «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын университет», «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» деп аталатын алты бағыт бойынша байқау ұйымдастырылып отыр.Айта кету керек, бұл үш өңірді қамтитын пилоттық жоба, сондықтан барлық бағалау мен тексеру орталықтандырылған тапсырмаларға негізделеді.Әр бағытқа қатысушылардың жасы мен қызығушылықтары ескеріле отырып 15 кітап дайындалған. Жалпы, тізімге «100 кітап» жалпыұлттық сауалнама нәтижесінде таңдалған шығармалар мен әлемдік бестселлерлер енгізілді. Мысалы, «Оқитын мектеп» бағыты үшін 6–10 сынып оқушыларына әр сыныпқа 15 кітаптан, жалпы 75 кітап тізімі әзірленген.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында байқауға қатысушылар кітап оқиды, шығармашылық тапсырмалар орындайды, зияткерлік байқауларда бақ сынасады. Кітаптар ұлттық және облыстық кітапханалардың электронды базалары арқылы қолжетімді. Сонымен қатар, Яндекс диск сияқты платформаларға сілтемелер таратылды. Яғни, кез келген қатысушы өзіне ыңғайлы форматта кітаптарды оқи алады. Әсіресе мектеп оқушылары үшін тексеру эссе жазу арқылы жүргізіледі. Әр сыныпқа жас ерекшелігіне сай жеке кітаптар бекітілген. Мысалы, 6-сынып оқушысы «Абай жолын» оқымайды. Бұл – алдын ала арнайы мамандармен іріктеліп бекітілген тізім. Ұсынылған кітаптар тізімі былтыр жүргізілген ұлттық сауалнамаға негізделген. Сол сауалнама нәтижесінде 100 кітап іріктелді. Оның ішінде қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті және әлемдік классика бар.
– Жобаға қатысушылар көп пе?
– Иә, өте көп! Бастапқыда 45 мың адам қатысады деп жоспарлағанбыз. Бірақ қазірдің өзінде 55 мыңнан астам адам тіркелді. Бұл сан алдағы уақытта 60 мыңға дейін жетуі мүмкін. Оқушылар, студенттер мен мұғалімдер үлкен қызығушылық танытып жатыр. Әсіресе мектеп ұжымдары өте белсенді.
– Қатысушылар кітаптарды қайдан алады?
– Кітаптар облыстық және ұлттық кітапханалардың электронды базасында бар. Сондай-ақ, сілтемелер арқылы онлайн форматта оқу мүмкіндігі қарастырылған. Яғни, әркім өзіне ыңғайлы жолмен оқи алады.
– Эссе жазу кезінде жасанды интеллект, яғни ChatGPT сияқты құралдарды қолдану мәселесі туындамай ма?
– Бұл жағын да ойластырдық. Оқушылардың эсселері тек жазбаша ғана емес, ауызша да тексеріледі. Облыстық кезеңде балалармен пікірсайыс (дебат) форматында сұрақ-жауап өткіземіз. Осылайша, олардың кітапты шын мәнінде оқығанын анықтаймыз.
– Жоба қашан аяқталады?
– Аудандық және қалалық кезеңдер келесі жылдың 20 ақпанына дейін, ал облыстық финал 5 наурызға дейін өтеді. Наурыз айында жеңімпаздарды марапаттау рәсімін өткізуді жоспарлап отырмыз.
– Жоба аясында қандай ерекше жұмыстар атқарылды?
– Ең маңызды жетістіктердің бірі – үш томдық жинақтың жарыққа шығуы. Бұл жинақтарда Тобыл мен Торғай өңірінің ақын-жазушыларының шығармалары топтастырылды. Кітаптар бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларына арналып жас ерекшелігіне сай дайындалған. Қаржы бөлінбесе де, біз бұл істі таза ниет пен ынтамен атқарып келеміз. Мысалы, мектеп 15 дана кітап сұраса, біз тегін жібереміз.
– Ұйымдастыру тобы жайлы айтып өтсеңіз.
– Әр бағытқа арнайы жауаптылар бар. Қазіргі таңда тіркелу процесі аяқталды. Жоба аясындағы 6 бағытқа жауапты арнайы менеджерлер таңдалып алынды. Барлығы келісімшарт негізінде жұмыс істейді. Әр бағытқа нақты адамдар жауапты. Үшбағытқа – ақынАлександра Суслова, жастармен жақсы жұмыс істей алатын ақын Абылай МаудановжәнеМарғұлан Бәкір тартылды.Мемлекеттік қызметкерлер бағытына – университеттің медиа бөлімінің басшысы Ирина Вишниченко жауапты.Колледждерменжұмыс істеу үшін – тәжірибелі ұстаз Алмагүл апай тартылып отыр.Мектеп оқушылары бағытына – жаңадан ашылған 31-ші мектептің оқу ісінің меңгерушісіНадежда апай жетекшілік етуде.
– Соңғы сұрақ, бұл жобаның ең үлкен маңызы неде деп ойлайсыз?
– Бұл – ұлт руханиятына қосылған үлкен үлес. Кітап оқитын бала – ойлы, парасатты, мәдениетті тұлға болып өседі. Егер әр отбасында, әр мектепте кітап оқуға әдет қалыптасса – ол елдің болашағы үшін ең үлкен жетістік.
Әңгімелескен Айзия Қыдырбек, оқушы

Комментарии