Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кітапханадағы келелі іс

Дата: 30.09.2025 Рубрика: Почитай-ка
58
0
Кітапханадағы келелі іс
Әулиекөл орталық балалар кітапханасында «Әулиекөл бастауыш мектебінің» жанындағы жазғы балалар лагерінің жас тобына арналып «Конституция – тәуелсіздік тұғыры» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды.
Кітапхана қызметкерлері шараның басты мақсатын – жас буынға Қазақстан Республикасының Ата Заңы туралы түсінік беру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру және елінің негізгі құжатымен жақын таныстыру деп белгіледі.
Шара барысында кітапханашылар балаларға Конституцияның маңызы мен азаматтардың өміріндегі рөлі жөнінде кеңінен әңгімелеп, арнайы дайындалған көрнекіліктер мен әдебиеттер топтамасын таныстырды. Балалар еліміздің Негізгі Заңының кейбір баптарымен танысып, өз құқықтары мен міндеттері туралы білді.
Ақпарат сағаты аясында конституцияның қабылдану тарихы, оның құрылымы мен негізгі бөлімдері, балалардың құқықтары мен міндеттері жайлы қызықты мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар кітапханашылардың орындауындағы өлең жолдары жасөспірімдердің жүрегіне жетіп, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін күшейтті:
«Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!»
Іс-шара соңында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, Конституция жайлы өз ойларымен бөлісті. Кітапхана ұйымдастырған бұл кездесу балалардың ел тарихы мен заңдарына деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, азаматтық жауапкершілікті сезінуге ықпал етті.
Іңкәр Искакова, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл орталық балалар кітапханасының кітапханашысы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!