Тіл – ұлттың жаны
Дата: 30.09.2025 Рубрика: Почитай-ка
0
57
0

«Строительный» кітапхана-филиалы №15 жалпы білім беретін мектептің оқушыларына арнап «Тілдердің бірлігі – Қазақстан халқының бірлігінің тірегі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды. «Қазақ тілі – менің тілім» атты презентацияда барша қазақстандықтардың достығы мен бірлігінің белгісі болып табылатын Тіл мерекесінің тарихы баяндалды.
Кітапханашы мемлекеттік тілдің өскелең ұрпақ үшін маңызына тоқталды. Балалар өз ана тіліне, еліне деген құрметін білдіріп, түрлі ұлттардың тілдері мен салт-дәстүрлері туралы білімдерін ортаға салды. Сондай-ақ қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді еске түсіріп, мағынасын талдады.
«Полиглот» атты сайыс барысында оқушылар сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді тауып, карточкалармен жұмыс істеді.
Сонымен қатар «Тіл – ұлттың жаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда егемен Қазақстанның тіл саясаты, мәдениеті, тіл білімінің тарихы мен мемлекеттік тіл туралы әдебиеттер ұсынылды.
Сандуғаш Омарова, кітапханашы

Комментарии