Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Таңғажайып табиғат!

Дата: 08.07.2025 Рубрика: Почитай-ка
285
0
Таңғажайып табиғат!
Западный кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Таңғажайып табиғат!» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды.
Кітапханашы қатысушыларды табиғат пен қоршаған орта туралы қызықты әрі танымдық кітаптармен таныстырды. Сондай-ақ балаларға жануарлар әлемі, өсімдіктер, құстар мен балықтар, олардың тіршілік әрекеттері мен табиғатпен үйлесімділігі туралы қызықты деректер айтып берді. Балалар түрлі сұрақтар қойып, белсенділік танытты.
Сабақ барысында балалар табиғаттың сұлулығы туралы суреттер салып, өз қиялындағы ормандар мен жануарлар әлемін бейнеледі. Олардың шығармашылық жұмыстары табиғатқа деген шынайы сүйіспеншіліктерін көрсетті. Іс-шара соңында балалармен бірге табиғат туралы жұмбақтар мен викториналар ұйымдастырылып, белсенді қатысқандар алғыс хаттармен марапатталды.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар өскелең ұрпақтың табиғатқа жанашырлықпен қарауына, жауапкершілік сезімін оятуға септігін тигізеді.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!