Тарихтың қайғылы беттері
Дата: 17.06.2025 Рубрика: Почитай-ка
0
163
0

31 мамыр – Қазақстан тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі – миллиондаған адамдардың өліміне әкелген жаппай саяси қуғын-сүргін мен алапат ашаршылықты еске алып, аза тұтатын күн. Осыған байланысты, «Киевский» кітапхана филиалының қызметкерлері Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтың қайғылы беттері» атты еске алу лентасын өткізді. Ғафу Қайырбеков атындағы № 9 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты – саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы оқушыларға түсінік беру, олардың саяси санасын ояту, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың ерлігін үлгі-өнеге ету болды. Іс-шара басталар алдында саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Кітапхана қызметкері саяси қуғын-сүргін жылдарындағы еліміздің күрделі де қилы тағдыры жайлы шолу жасады. «Қанмен жазылған хат», «Алжир лагері» жайлы бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырағандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышпаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров және басқа да көрнекті мемлекет және саяси қайраткерлер бар екендігін білді. Іс-шара соңында 30-40 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы әдебиеттер ұсынылды. Оқушылар М.Дулатұлының «Оян, қазақ!», Ө.Оралбайұлының «Жұт-жендет» өлеңдерін тебірене, нақышына келтіріп оқыды. Кітапхана қызметкерлерінің бастамасымен өткізген бұл іс-шара жоғары деңгейде өтті. Оқушылар белсенді түрде қатысып, қызығушылық танытты. Оқушылардың бойында Отансүйгіштік, патриоттық сезімдері оянып, алған әсерлерімен бөлісті. Осындай іс-шаралар үнемі ұйымдастырылып, өткізілетін болса, нұр үстіне нұр болар еді.
Марияш Молдағалиева,
Киевский кітапхана-филалының кітапханашысы
Комментарии


