Сирек кітаптар сақталған қазына
Дата: 27.05.2025 Рубрика: Почитай-ка
0
235
0

Қостанай қаласындағы Лев Толстой атындағы облыстық кітапхананың бір ерекше бөлімі бар.
Ол – сирек кітаптар қоры деп аталады. Бұл жер – нағыз қазына! Мұнда өте көне, құнды кітаптар сақтаулы. Тіпті кейбірі 300 жыл бұрын жазылған екен!
Ол – сирек кітаптар қоры деп аталады. Бұл жер – нағыз қазына! Мұнда өте көне, құнды кітаптар сақтаулы. Тіпті кейбірі 300 жыл бұрын жазылған екен!
Сирек қор бөлімі 1977 жылы ашылған. Қазір бұл жерде 2000-нан астам кітап бар. Бұл кітаптар жай ғана ескі емес – оларда өткен ғасырлардың мәдениеті, білімі мен діні туралы қызықты деректер сақталған. Әрбір кітап – нағыз тарихтың куәсі!
Кітапхана қызметкерлері айтып береді:
– Қазір сирек қорда XVII-XIX ғасырларда көне кириллица жазуымен басылған 7 діни кітап бар. Оның ішінде ең ерекше кітап – «Великие Четьи Минеи». Бұл кітапта ескі аңыздар, әулиелер өмірі туралы әңгімелер, өсиеттер мен мерекелер жайлы жазылған. Бұл – өте сирек кездесетін құнды еңбек.
Бұл бөлімде тек діни кітаптар ғана емес, әлемге танымал жазушылар мен ғалымдардың көне шығармалары да сақталған. Мысалы: А.П. Чехов – оның көзі тірісінде басылып шыққан кітаптары; А.Н. Майковтың поэзия жинағы (1893 жыл); Г. Гауптманның 3 томдық шығармасы (1908 жыл); 1778 жылы шыққан «Қасиетті кітап» пен 1808 жылғы «Псалтырь» сынды көне басылымдар.
Кейбір кітаптарда авторлардың өз қолтаңбасы бар! Бұл – өте сирек кездесетін жағдай. Ал кейбір кітаптардың бірінші рет басылып шыққан нұсқалары да бар. Мысалы, Чеховтың «Ионыч» әңгімесі алғаш рет жарық көрген журнал да осы қорда сақтаулы.
Қазір кітапхана бұл кітаптарды электронды нұсқаға айналдырып жатыр. Бұл – өте маңызды жұмыс. Өйткені сол арқылы кітаптар ұзақ сақталады және балалар мен үлкендер оларды оңай оқи алады.
– Қазір көп балалар мен жас зерттеушілер сирек кітаптарға қызығады. Олар кітапханаға арнайы келіп, ескі кітаптармен танысады. Біз оларды қуана қарсы аламыз, – дейді кітапхана қызметкері.
Сирек кітаптар қоры – біздің рухани байлығымыз. Мұнда сақталған әр кітап – өткен замандардан жеткен аманат. Бұл қор – балаларға тарихты танып-білуге, әдебиет пен мәдениетті терең түсінуге көмектесетін үлкен мектеп. Кітаптар арқылы біз бұрынғы ата-бабаларымыз қалай өмір сүргенін, нені білгенін, нені ардақтағанын біле аламыз.
Зарина ЖҰМАҒҰЛОВА,
Дина ДӘУЛЕТКЕЛДІ
Комментарии


