Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Ер Төстік» сайысы: батыр болғың келе ме?

Дата: 03.06.2025 Рубрика: Почитай-ка
138
0
«Ер Төстік» сайысы:  батыр болғың келе ме?
Балалар, сендер ертегі тыңдауды жақсы көресіңдер ме? Батырлар туралы оқығанды ше? Ал өздерің нағыз батырдай сайысқа қатысып көрдіңдер ме? 
Міне, жақында Қостанай ауданында дәл сондай қызықты бір сайыс өтті! «Ер Төстік» батырлар сайысы деп аталған бұл мереке «Алтын Дән» мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Оған балабақша мен даярлық топтарында оқитын батыр ұлдар қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Сайыстың мақсаты – нағыз азамат болуға алғашқы қадам жасау! Балалар батырлар сияқты шымыр, өнерлі, батыл болу керектігін үйренді. Сондай-ақ, сайыс арқылы қазақтың салт-дәстүрі мен баталарымен жақын танысты.
Сайысымыз өте қызықты 5 кезеңнен тұрды. Әр кезеңнің өз мәні мен мағынасы болды. Өзін-өзі таныстыру – бұл бөлімде балалар өз есімдерін, қай балабақша немесе мектептен келгендерін айтып, жұртшылықпен танысты. Кейбірі өлеңмен таныстырып, өнерлерін қоса көрсетті. Өз өнерін көрсету – балалар бұл бөлімде би билеп, ән айтып, тіпті шағын көрініс те көрсетті. Кішкентай болса да, сахнада сенімді өнер көрсеткендерін көріп, бәріміз қуанып қалдық! Асық ату – бұл тек ойын емес, ұлттық спорт түрі. Асық ату баланы мергендікке, шапшаңдыққа, дәлдікке үйретеді. Ер жігітке тән қасиеттерді қалыптастырады. Асықпен ойнау – ата-бабамыздан келе жатқан, ешқашан мәнін жоғалтпаған қызықты әрі пайдалы дәстүр. Бата жатқа айту – бұл кезеңде балалар үлкен кісілердің баталарын жаттап айтып берді. Батаның әр сөзінде жақсылық, тілек пен тәрбие жатыр. Қазақ халқы әр істі бата беруден бастаған. Сондықтан әр бала жақсы азамат болғысы келсе, бата білуі керек. Себебі бүгінгі бала – ертеңгі әке, жақсы жар, ел қорғайтын азамат, немере сүйетін ақсақал. Сахналық көрініс – кей қатысушылар ата-аналарымен бірге қазақтың салт-дәстүріне арналған шағын көріністер қойды. Бұл көріністерден қазақ отбасының бірлігі, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық секілді жақсы қасиеттерді көрдік.
Осы кезеңдердің барлығы балаларға батырлық, шапшаңдық, өнерпаздық, тапқырлық және рухани тәрбие сияқты қасиеттерді дарытты. Мұндай сайыстар арқылы кішкентай ұлдарымыз ертеңгі елдің қорғаны болуға бір қадам жақындай түседі.
Сайысқа 5 бала қатысты. Әрқайсысы ерекше дайындықпен келіпті. Қазылар алқасы әр балаға лайық марапаттар берді:
• «Шымыр жігіт» – Қанатұлы Раян (Абай негізгі мектебі)
• «Мерген жігіт» – Темірбек Азиз (Жданов мектебі)
• «Батыл жігіт» – Нұрлан Нұрмұханбет (№1 Заречный мектебі)
• «Өнерпаз жігіт» – Ержігіт Бексұлтан («Әдемі» балабақшасы)
• Бас жүлде – Қуаныш Әзім Нұртайұлы (Айсары мектебі)
Қуаныш сахнада әке-шешесімен бірге ұлттық көрініс қойып, көрермендердің ерекше қошеметіне бөленді. Ал «Ең үздік костюм» – қазақ батырындай сәнді киінген Ержігіт Бексұлтанға берілді.
Осындай сайыстар бізге батыр болуды, жақсы тілектер айтуды, үлкендерді құрметтеуді үйретеді. Ал сен ертеңгі Ер Төстіктей болуға дайынсың ба?
Дана Мырзабаева,
Қостанай аудандық орталық балалар  кітапханасының кітапханашысы
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!