Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Скрипканың нәзік үні

Дата: 27.05.2025 Рубрика: Почитай-ка
196
0
Скрипканың нәзік үні
Сіз бірдеңені шын жүректен қатты ұнатқан кезіңіз болды ма? Ал балалар музыка мектебінің оқушысы Самира Дәулетбек дәл сондай сезімді басынан өткерген. Оның сүйікті ісі – скрипкада ойнау.
Самира бала кезінен музыкаға ғашық. Бірақ бірден скрипканы таңдай қоймаған. Ол алғаш рет әйгілі скрипкашылардың өнерін көріп, қатты әсерленеді. «Бір күні мен де сахнада осылай ойнаймын!» деген арман сол сәтте жүрегінде оянады. Содан бері скрипка – оның өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
Қазір Самира музыка мектебінде бесінші жыл оқып жүр. Ол көптеген шығармалар мен этюдтер орындаған. Бірақ оның жүрегіне ерекше жақын бір шығарма бар. Ол – Антонио Вивальдидің №26 концерті, І бөлімі.
– Шын айтсам, осы бес жыл ішінде талай шығарма орындадым. Бірақ Вивальдидің осы концерті менің жүрегімде мәңгіге сақталып қалды. Бұл туынды жаныма ерекше әсер етті, – дейді Самира.
Ол көптеген концерттерге қатысқан. Әр байқауға дайындық кейде бірнеше айға созылады. Әсіресе, жаңа шығарма алса, дайындық ерекше маңызды. Бұл кезеңдер – шабытқа толы сәттер, бірақ сонымен қатар үлкен жауапкершілікті де талап етеді.
– Сахнаға шығарда қорықпайсың ба? – деген сұрағыма Самира күлімсіреп былай деді:
– Арнайы «сиқырлы әдісім» жоқ. Терең дем аламын да, сахнаға шығамын. Бар ойымды тек орындап жатқан шығармама аударсам, қорқыныш өзі-ақ жоғалады. Өз-өзіме: «Ойыңды басқа нәрселерге бөлме, уайымдама!» – деп айтып тұрамын. Саусақтарым өз жұмысын біледі, – дейді ол.
Самира үшін скрипка – жай ғана аспап емес. Ол – жүрегінің үні. Әр жаңа шығарма – жаңа сынақ, ал сол сынақтар адамды шыңдайды. Кейде қобалжу, кейде шаршау да болады. Бірақ Самира ешқашан артқа шегінбейді. Өйткені ол нағыз музыкант. Ал нағыз музыкант өз аспабын ешқашан тастамайды. 
Мадина КАЛИМОВА
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!