Кітап – қазына, кітап – байлық
Дата: 27.05.2025 Рубрика: Почитай-ка
0
172
0

Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте Х.К.Андерсеннің туғанына 220 жыл толуына арналған «Халықаралық кітап күні» онкүндігі өтті. Барлық сыныптарда балалар Халықаралық кітап күні идеясын қысқаша ашқан тұсаукесерді тамашалады.
Оқушылар бұл күн бүкіл әлемде 1967 жылдан бері аталып келе жатқанын білді және бұл дата жазушысы Андерсеннің туған күнімен байланысты. Жыл сайын елдердің бірі осы мерекенің демеушісі болады. 2025 жылы Халықаралық балалар кітабы күнінің демеушісі Халықаралық Балалар кітабы кеңесінің Нидерланд секциясы болды. Андерсен атындағы сыйлық екі жылда бір рет ең жақсы балалар жазушысы және суретшісіне беріледі. 2024 жылдың 9 сәуірінде Болоньядағы Халықаралық кітап жәрмеңкесінде балалар әдебиеті саласындағы «кіші Нобель сыйлығы» деп аталатын Андерсен сыйлығының лауреаттары жарияланды. Халықаралық Балалар кітабы кеңесінің (IBBY) қазылар алқасының Президенті Лиз Пейдж жеңімпаздардың есімдерін атады: «Автор» номинациясы бойынша австриялық Хайнц Яниш және «Иллюстратор» номинациясы бойынша канадалық Сидни Смит.

Мектеп кітапханасында Андерсен және басқа балалар жазушыларының кітаптарының көрмесі ұйымдастырылды. Әр үзілісте және тәрбие сағаты кезінде оқушылар балалар жазушыларының шығармаларын оқып, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берді. Мысалы, 6 «А» сынып оқушылары Андерсеннің «шақпақ тас» ертегісін бірінші рет оқыған. Ал 9 «А» сынып оқушылары Андерсеннің ертегілерін фильм, мультфильм арқылы білген. Сондықтан, олар осы онкүндіктің арқасында Андерсеннің ертегілерімен қазақ тілінде танысты.
Андерсеннің 220 жылдығына орай кітапханада «тоғыз құмалақ» ұлттық ойынынан жарыс ұйымдастырылды. 1-4 сынып оқушылары «Менің сүйікті кітабым» суреттер көрмесіне қатысты. Көрменің жиырма алты қатысушысы Алғыс хаттар алды. Ең белсенді суретшілер 1 «А» сынып оқушылары болды. Олардың ата-аналары және сынып жетекшісі Гүлнара Кубенова Алғыс хатпен марапатталды. «Тоғызқұмалақтағы» үздік ойыншылар Ғани Қарабай, Нұрислам Құрманбек, Санжар және Әли Сарғалдақовтар, Ильшат Оразбаев, Марат Аймаханов, Әнуар Сапар, Нұрали Ермекұлы дипломдар алды.
Мария Баяхметова,
Абай атындағы ЖББ мектептің кітапханашысы
pravlife.org,
kzngo.ru
Комментарии