Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Шығыстың жарық жұлдызы

Дата: 13.05.2025 Рубрика: Почитай-ка
83
0
Шығыстың  жарық жұлдызы
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835–1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда дүниеге келген демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Ол — шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы.
Науырзым ауылдық кітапханасында ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Қазақтың көрнекті ғалымы – Шоқан Уәлиханов» атты танымдық сағат өтті. Әлемдік ғылыми қауымдастық мойындаған санаулы ғана тұлғалар арасында Шоқан Уәлиханов та бар.
Іс-шараның мақсаты – Шығыстың жарық жұлдызы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, оқырмандар бойында туған жерге, елге деген патриоттық сезімді қалыптастыру. Кітапханашы қазақ халқының ұлы ойшылы, ұлттық мақтанышы, тұңғыш ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы жайында әңгімеледі.
Оқырмандар ғалымға арналған өлеңдерін оқып, өмірі мен еңбектері бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара соңында «Ұлы даланың асыл перзенті» атты кітап көрмесімен танысты.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!